«Широки Бриегтің» бапкері «Ордабасының» басымдығын айтты
«Широки Бриегтің» бас бапкері Горан Саблич Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі жайында ойын айтты. Босниялық команда қазақстандық «Ордабасымен» кездеседі.
- Алысқа барғым келген жоқ, бұлай болмайды деп үміттенгенмін. «Ордабасы» - біз үшін бейтаныс команда. Енді ол туралы көп ақпарат жинауымыз керек. Қазір Қазақстанда чемпионат ойындары өтіп жатыр, сондықтан басымдық оларда деп ойлаймын, деді Саблич.
Айта кетейік, алғашқы матч 29 маусымда Широки Бриегте өтсе, қарымта ойын 6 шілдеде Алматыда болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или