ЭКСПО «Астана» - «Оқжетпес» матчына кедергі келтірді

ЭКСПО «Астана» - «Оқжетпес» матчына кедергі келтірді

«Астана Арена» спорт кешені 17 маусым мен 4 шілде аралығында ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі аясында өтетін іс-шараларға байланысты жабылатындықтан, 17-ші турдағы «Астана»-«Оқжетпес» кездесуі «Тарлан Арена» стадионында өтеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті. 

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы айналымдағы «Оқжетепес» - «Астана» командалары арасындағы кездесу көкшетаулық клубтың стадионы дайын болмауына байланысты «Тарлан Арена» стадионында өткен еді. Аталмыш кездесу елордалық команданың пайдасына 3:0 есебімен аяқталған болатын.<span> </span>

Ойын 25-ші маусым, кешкі сағат 18:00-ге жоспарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или