«Астана» Венгрия құрамасының ойыншысын қатарына қоспақшы
Bild басылымының мәліметтеріне сүйенсек, Венгрия құрамасы мен «Вердердің» жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер мансабын «Астанада» жалғастырады.
23 жастағы футболшы елордалық клуб сапында дәрігерлік тексерістен өтіп, жақын күндері ресми түрде келісімшартқа отырады.
«Астана» Кляйнхайслерді бір жылға алға алмақ. Егерде Қазақстан чемпионына Ласлоның ойыны ұнаса, оны бір жылдан кейін 500 мың еуроға сатып алу құқығына ие болады.
Кляйнхайслер былтырғы маусымның бірінші жартысын германиялық «Дармштадтта», кейін венгриялық «Ференцарош» сапында өткізді.
Ұлттық құрама сапында Ласло 13 матч өткізіп, ЕУРО-2016 турниріне қатысқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или