Германия Конфедерация кубогын жеңіспен бастады

Германия Конфедерация кубогын жеңіспен бастады

Футболдан әлем чемпионы Германия Конфедерация кубогының бастапқы кездесуінде Аустралия құрамасымен күш сынасты.

Ресейдің Сочи қаласында өрбіген тартысты ойында бес гол соғылды. Алдымен Штиндль матчтың небәрі бесінші минутында таблода есеп ашты. Есесіне бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда Рогич таразы басын теңестіре алды. Алайда араға үш минут салып Дракслер пенальтиден гол соғып, өз командасын есепте алға шығарды.

Екінші таймның басында германиялықтар үшінші голдарын соқты – Горетцка көзге түсті. Артынша Юрич доп айырмасын бір голға дейін қысқартты. Кездесу соңына дейін есеп өзгермеді – 3:2.

Осылайша, Германия құрамасы Чилимен бірге «В» тобында көш бастады.  

Конфедерация кубогы – 2017.

«В» тобы. Бірінші тур

Германия – Аустралия 3:2 (2:1)

Голдар: Штиндль 5, Дракслер 44 (пенальтиден), Горетцка 48 – Рогич 41, Юрич 56

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или