Погба Доннаруммаға қолдау көрсетті
«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погба алдағы жылдары Джанлуиджи Доннарумманың әлемдегі ең үздік қақпашы болатынын айтты.
- Доннарумма алдағы жылдары әлемнің ең үздік қақпашысы болады. Ол тек құрметке лайық футболшы, - деп жазды Погба әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, 17 жасар италиялық қақпашы «Миланмен» келісімін ұзартудан бас тартқан болатын. Доннарумманың бұл шешіміне миландық жанкүйерлер наразы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или