Чили Камерун қақпасына қос доп соқты

Чили Камерун қақпасына қос доп соқты

Конфедерация кубогының В тобында Камерун мен Чили құрамалары кездесті.

Бұл ойынның тағдырын бір ғана гол шеше алды. Матчтың соңына дейін жанкүйерлер гол көре алмады.

Бірінші таймда чилиліктер гол соққан болатын. Алайда Варгастың голын төрешілер бейнеқайталаудан қарап, есепке алмай тастады. Қазылардың пікірінше, Чили құрамасының шабуылшысы офсайдта қалған.

Матчтағы алғашқы гол 81-минутта соғылды. Ойынға тыңнан қосылған Алексис Санчестің пасынан кейін Артуро Видаль қанжығасын майлады.

Төрешілер қосқан қосымша уақытта Варгас тағы да  гол соққан, қазылар бейнеқайталаудан қарап, голды есепке алды. Қорытынды есеп – 2:0.

Осылайша, Чили құрамасы үш ұпаймен топта көш бастады. Камерун болса да, әзірше соңғы орында тұр. Ертең осы топтағы Аустралия мен Германия құрамалары күш сынасады.

Камерун – Чили 0:2 (0:0)

Гол: 0:1 – Видаль 81, 0:2 – Варгас 90+

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или