Еуропа чемпиондары Мексиканы жеңе алмады. Видео
Футболдан Еуропа чемпионы Португалия құрамасы Конфедерация кубогындағы алғашқы матчында мексикалық қарсыластарымен тең түсті.
Ойындағы алғашқы голды еуропалықтар соқты. Криштиану Роналду 35-минутта Рикардо Куарежмаға әдемі пас қалдырған. Соңғысы қақпашыдан айласын асырып, есеп ашты.
Бірақ бірінші таймның аяқ жағында Мексиканың шабуылшысы Чичарито әріптесі асырған допты басымен қақпада тулатты – 1:1.
Бұл есеп матчтың соңына дейін сақталды. Тек 86-минутта ғана португалиялықтар алға шыққан. Седрик айып алаңында дәл соққы жасады. Бірақ бұл матчтағы соңғы гол болмай шықты. Төреші қосқан қосымша уақытта мексикалықтар таразы басын теңестіріп кетті. Морено әуедегі допты басымен қақпаға бағыттаған. Голкипер шарасыз қалды – 2:2.
Осылайша, Португалия мен Мексика А тобында тең түсіп, екінші және үшінші орындарда тұр.