«Ақтөбе» мен «Астана» ойынында алты гол соғылды

«Ақтөбе» мен «Астана» ойынында алты гол соғылды

ҚПЛ-ның 16-шы турында «Ақтөбе» клубы ел чемпионын қабылдады.

Кездесудің бірінші кезеңі голға толы болды. Алаң қожайындарын Зенкович алға шығарса, бір миуттан кейін Патрик Твумаси есепті теңестірді. Ал бірініші таймның соңында астаналық Граховац өз қақпасына гол соғып, «Ақтөбені» тағы алға шығарды.

Екінші тайм бастала сала Стойлов шәкірттері қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Голдың авторы Джуниор Кабананга. Араға он минут сала астаналық команда тағы сол Твумасидің көмегімен есепте алға шықты. Ал кездесудегі соңғы нүктені Мужиков қойып, астаналық клубтың жеңісін бекітті.

ҚПЛ 16-шы тур. Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе» - «Астана» 2:4 (2:1)

Голдар: Зенкович 18 – Твумаси 19, Граховац 47(өз қақпасына соқты), Твумаси 57, Мужиков 86

 «Ақтөбе»: Сидельников, Жуниньо, Воловик, Шимкович, Нейн, Саулет, Қайыров, Айтбаев, Розыбакиев, Шестаков, Зенькович, Отарбаев

«Астана»: Мокин, Аничич, Шомко, Постников, Бейсебеков, Маевский, Граховац, Мужиков, Твумаси, Муртазаев, Кабананга

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или