Португалия жастар құрамасы Сербияны жеңді
Польшада жастар арасындағы Еуропа чемпионаты басталды.
А тобында сынға түсіп жатқан командалар өз ойынын бастап кетті. Португалия жастар құрамасы алғашқы ойында Сербиядан келген құрдастарын жеңді. Кездесудің есебі 2:0. Сербия жастар құрамасы қатарында қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс, «Астана» қатарында бірнеше жыл ойнаған Неманья Максимович алаңда тоқсан минут ойын өткізді.
Португалия U-21 – Сербия U-21 2:0 (1:0)
Голы: Гонсалу Гедеш, 37, Фернандеш, 88.
Португалия U-21: Бруну Варела, Рубен Семеду, Иэ, Жоау Канселу, Родригес, Жоау Карвалью (Саншеш, 59), Фернандеш, Диогу Жота (Брума, 46), Рубен Невеш, Гонсалу Гедеш, Поденсе (Юри Медейруш, 68).
Сербия U-21: Милинкович-Савич, Йованович, Антонов, Гайич, Максимович, Велькович, Груйич (Радонич, 68), Гачинович, Живкович, Чаврич (Плавшич, 46), Джурджевич (Ожегович, 74).
Ескерту алғандар: Груйич (4), Рубен Семеду (18), Гачинович (51), Антонов (55), Гайич (70), Брума (78), Фернандеш (81).