Қазақ журналисі Александр Бородюкқа наразы
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк дәл қазіргі уақытта Ресейде басталған Конфедерация кубогында жүр.
Бұл туралы ашылу салтанаты кезінде белгілі болды. Ол құрметті қонақтар қатарында, дәлірек айтқанда Ресей президенті Владимир Путин мен ФИФА президенті Джанни Инфантиномен бір қатарда тұр.

Бұл жағдайға Додаспорт сайтының тілшісі Мағжан Бейсен наразылық білдіруде. Журналист өзінің Facebook парақшасында «Қазақ ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Александр Бородюк Ресейде басталған Конфедерация кубогында атасының басы бар ма??? Мына жақта ел чемпионаты қызып жатыр. Жақында ғана Данияға жеңіліп қалғанын ұмытып қалды ма??? »,- деген жазба қалдырды.
Жазба астына пікір жазған тағы бір тілші Бек Төлеуов «Сборный маңызды кездесуі Даниямен ойынның алдында Қайрат пен Астана ойнайды. 31 мамырда. Бородюк Алматыға да барған жоқ. Енді бұдан басқа не күтесің» ,- деп пікір білдірді.

Естеріңізге салсақ, Александр Бородюк баптайтын Қазақстан құрамасы соңғы ойында Әлем чемпионатына іріктеу аясында Даниямен кездесіп жеңіліп қалған. Алматыда өткен ойын 3-1 есебімен аяқталды.
Ресейде басталған Конфедерация Кубогының тұсаукесер ойынында Ресей мен Жаңа Зеландия құрамалары ойнауда.