«Ордабасы» сырт алаңда үш ұпай еншіледі

«Ордабасы» сырт алаңда үш ұпай еншіледі

ҚПЛ-дің кезекті туры аясында  «Қайсар» мен «Ордабасы» кездесу өткізді.

Ойын қалыпты басталды. Фаворит ретінде «Ордабасы» басымды өз қолына алып, жиі шабуылдауға тырысты. Шымкенттік ұжымның белсенділігіне «Қайсар» қарымта шабуылмен жауап беруге ұмтылды. Екі команда да оңай берілгісі келмеді. Тартысқа толы өткен бірінші таймда есеп ашылмады.

«Қайсар» өз жанкүйерлерінің алдында жеңіске ұмтылды. Қонақтарға өзіне қажет үш ұпай үшін тартысқа түсті. Екі ұжымның шабуылдары ұзақ уақыт бойы голға айналмады. Ойынның тек 58-ші минутында Фонтанелло есеп ашып, шымкенттіктерді алға шығарды. Матчтың соңына дейін есеп өзгермеді. «Ордабасы» сырт алаңда үш ұпай еншіледі.

ҚПЛ. 16 тур. Қызылорда

«Қайсар» - «Ордабасы» - 0:1

Гол: Фонтанелло 58

«Қайсар»: Григоренко(В), Ламанже, Курьор, Камара, Аржанов, Байжанов(К), Нтибазонкиза, Мульдаров, Коробкин, Евстигнеев, Жакаев.

«Ордабасы»: Бекбаев(В), Фонтанелло, Ковальчук, Симчевич, Диакате, Ерланов, Нұрғалиев(К), Нөсербаев, Смаков, Төлебек, Тұнғышбаев.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или