«Шахтер» өз алаңында жеңіске жетті
Қарағандылық «Шахтер» ел біріншілігінің аясында «Атырауды» қабылдады.
Алаң иелері бірден алға ұмтылды. Ойынның екінші минутында-ақ Марко Станоевич есеп ашып, қарағандылықтарды алға шығарды. «Мұнайшылар» ойын басындағы соққыдан біраз уақыт арыла алмады. Тайм ортасында қонақтар алға ұмтылып, есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Бірақ бұл еш нәтиже бермеді.
«Атырау» үзілістен кейін бірден екі ойыншыны алмастырды. Алаңға Сергиенко мен Әлішер Сүлей шықты. Қонақтар қарағандылықтардың иелігіне шабуылмен кіре бастады. Қауіпті шабуыл кезінде доп қақпаға дарымады. Марат Хайруллиннің жойқын соққысы Шацкийдің қолынан табылды. 67-ші минутта қақпашы тағы да ерледі. Алтынбек Сапаровтың тепкен добын Шацкий қақпаға кіргізбеді. Ойын соңында Марко дубль жасап, ойын нүктесін қойды.
ҚПЛ. 16 тур. Қарағанды
«Шахтер» - «Атырау» - 2:0
Гол: Марко Станоевич 2, 90
«Шахтер»: Шацкий(В), Сзоке, Кадио, Айегбуси, Зошак, Станоевич, Алимбаев, Мангуткин, Скорых, Тажимбетов, Тарасов.
«Атырау»: Пасеченко(В), Калмуратов, Эсатов, Обшивач, Мажитов, Абдрахманов, Сапаров, Джокич, Хайруллин, Саломов, Двалишвили