«Қайрат» кезекті жеңісіне қол жеткізді
ҚПЛ-ның 16-шы турында алматылық «Қайрат» өз алаңында қостанайлық «Тобыл» клубын қабылдады.
Кездесудің басты фавориті «Қайрат» ойынның бірінші таймында қарсылас қақпасынан саңылай таба алмады.
Екінші таймда Кахабер Цхададзе шәкірттері алыстан соққы жасап, жинақы ойнай бастады. Нәтижесінде, гол да көп күттірген жоқ. Сол қапталмен жиі шабуылдай берген Андрей Аршавин өз дегеніне жетті. Осы жолы да Андрей сол қапталда қарсыласын алдап, командасына пенальти алып келді. Пенальтиді команда капитаны Бауыржан Исламхан сәтті орындап, алматылық клубты алға шығарды. Алма кезек шабуылдардың барысында Исаэль Барбоза «Қайраттың» жеңісін бекітті.
Өкіншке қарай, ойындағы есеп өзгеріссіз қалды. Ал «Қайрат» кезекті үш ұпайына қол жеткізді.
ҚПЛ 16-шы тур. Алматы қаласы «Орталық стадион»
«Қайрат» - «Тобыл» 2:0 (0:0)
Голдар: Бауыржан Исламхан 64 (пенальти), Барбоза 84
«Қайрат»: Покатилов (В), Вороговский, Арзо, Элек, Суюмбаев, Қуат, Жуков, Исламхан (К), Аршавин, Иличевич, Гоу.
«Тобыл»: Непогодов (В), Квеквескири, Кассай, Савич, Вух, Жакупов, Малый, Молдакараев, Мухутдинов (К), Сартаков, Щеткин.