16 жасар ойыншы 45 миллионға лайық па?

16 жасар ойыншы 45 миллионға лайық па?

Винисиус Жуниор: талант па әлде жәй пиар ма?

Әлем Роналдудың «Реалдан» кетер-кетпесін талқылап жатқанда, «Корольдік клуб» 16 жасар бразилиялық үшін 45 миллион берудің дұрыс-дұрыс емесін ойластырып жүр.

Винисиус Жозе Пайсан де Оливейра Жуниор бір ай бұрын өзінің туған командасы «Фламенго» сапында дебютін өткізген болатын. Бірақ клуб өз шәкіртінің Мадридке көшетінін растады. Рас, Жуниор «Реалға» 2019 жылы ғана ауыса алады. Себебі испан заңына сәйкес, кәмелет жасқа толмаған ойыншыларды сатып алуға болмайды. Бүгінде біреулер Винисуисті  екінші Роналду деп атап жүрсе, бәзбіреулер жас ойыншының «Реалдағы» тағдыры Эдегорға ұқсап кетеді дейді.

Қалай дегенде де, бүгінгі футболда көп қаржы ойнатылады. 45 миллионға ойыншы сатып алумен ешкімді таңқалдыра алмайсың. Мүмкін, қазіргі трансферлерге қарасақ, <span>Винисиус Жуниорді «Реал» болашақта 100 миллион еуроға сататын шығар. Кім білсін...</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или