Ресми: Хижниченко «Шахтердан» кетті
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко беларустік «Шахтердан» кетті. Клуб пен ойыншы екіжақты келісімнен кейін арадағы келісім-шартты бұзуға шешім хабылдаған. Бұл туралы беларустік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық құрамалардың ойынына байланысты үзіліс кезінде Сергей Хижниченко командадан кетіп, сол қалпы оралмаған. Беларустік команда қазақстандық ойыншының орнына басқа ойыншы алып үлгерген. Босния және Герсеговина елінің ойыншысы беларустік командамен келісім жасасуға дайын.
Сергей Хижниченко «Шахтер» қатарында сегіз ойынға қатысып екі гол соққан. Оның командасы чемпионатта бірінші орында келе жатыр.
Хижниченко спорттық мансабын қазақстандық клубтардың бірінде жалғастыруы мүмкін. Оған қызығып отырған клубтар қатарында қарағандылық «Шахтер» мен алматылық «Қайрат» бар.