Роналду Қазанға алғысын айтты. Фото
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Қазан қаласына жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.
Португалиялық ұжым Татарстан астанасына чартерлік рейспен Лиссабоннан ұшып келген болатын. Еуропа чемпиондарын 100-ге жуық жанкүйер күтіп алды.
«Рахмет, Қазан», - деп жазды футболшыInstagram-дағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, 17 маусымда Конфедерация кубогы басталады. Мұнда Португалия құрамасы Ресей, Жаңа Зеландия және Мексикамен бір топта ойнайды.
Бұған дейін Татарстандағы көшелердің бірінде Роналдудың үлкен суреті салынаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или