«Оқжетпес» Бельгия құрамасының бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты

«Оқжетпес» Бельгия құрамасының бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты

«Оқжетпес» ФК 29 жастағы шабуылшы Марвин Огунжимимен келісім-шартқа отырды.

«Мехелен» клубының түлегі Бельгияда «Генк», «Стандард», «Беерсхот» және «Ауд-Хеверле», Голландияда «Ваалвейк» командаларының намысын қорғады. Сондай-ақ, испаниялық «Мальорка» мен норвегиялық «Стромсгодсет» сапында өнер көрсетті.

Былтырғы жылы Огунжими оңтүстіккореялық «Сувон» мен таиландтық «Ратбури» сапында ойнап үлгерді. Соңғы командасы – албаниялық «Скендербеу».

Марвин Огунжими Бельгия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, бұл команда сапында 7 матч өткізіп, 5 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или