«Алтай» Семей мен Өскемен стадиондарында ойнауға рұқсат алды
<span>Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының алаңдарды тексеру комиссиясының мүшелері Семей және Өскемендегі стадиондарды тексерді. Бұл туралы Лиганың ресми сайты жазды. </span>
<span>Сапардың алғашқы пункті - Семей қаласындағы «Спартак» стадионы. Шығыс-Қазақстан облысы атынан Екінші лига біріншілігіне қатысатын «Алтай» футбол клубы өз қарсыластарын бұл стадионда маусымның жылы кезінде қабылдайды. </span>
<span>Стадионда табиғи төсеніш төселген. Бірақ төсеніш сапасы қазіргі уақытта жақсы күйде емес. Комиссияның пікірі бойынша бұл стадионда алаңды пайдалану ережелері бұзылған. Сол себептен төсеніш тегіс емес. Сонымен қатар алаң ылғалды дұрыс өткізбейді - дренаж көрсеткіштері рұқсат етілмейтін критерийлерге жақын. Алаңдағы төсеніштің 30% - арамшөп. Бұл алаң ойыншыларды жарақаттау мүмкін емес, сол себептен Комиссия «Алтай» футбол клубына Біріншіліктің өз алаңындағы ойындарын аталған стадионда өткізуге рұқсат етті. Алайда төсеніш сапасын жақсарту үшін бір қатар шараларды қолдануға кеңес берілді. Берілген кеңестер ескерілмесе, алаңды 2018 жылғы маусымда пайдалануға тиым салынады. </span>
<span>Облыстың футбол инфроқұрылымының екінші объектісі Өскеменде орналасқан. «Восток» стадионының жасанды төсеніші тозбаған, бірнеше жыл бұрын бұл жерде қайта құру жұмыстары жүргізілген. Қажет етсе клуб бұл алаңда да өз ойындарын өткізе алады.</span>