«Ақтөбе» РФПЛ клубымен тең тарқасты

«Ақтөбе» РФПЛ клубымен тең тарқасты

«Ақтөбе» Ресейде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық кездесуін өткізді.

Бұл жолы «ақ-қызылдар» РФПЛ өкілі «СКА-Хабаровск» клубымен күш сынасқан. «Ақтөбе» сапында байқауға келген үш ойыншы негізгі құрамда шықты. Олардан бөлек, Сидельников, Шестаков, Қайыров, Кәкімов, Жұмағали, Айтбаев, Зенькович пен Розыбакиев ойынды бірінші минуттан бастады.

Екінші таймның басында ресейлік команда алға шыққан. Алайда ақтбеліктер Зеньковичтің голымен таразы басын теңестіріп тастады. Қорытынды есеп – 1:1.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» Ресейде «Химки» клубының жастарымен жолдастық матч өткізіп, 3:0 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или