«Зенит» «Қайратқа» Аршавинге қатысты ұсыныс жасамаған
«Зенит» «Қайратқа» Андрей Аршавинге қатысты ешқандай ұсыныс жасамаған.
Бұл туралы ТАСС-қа берген сұхбатында алматылықтардың спорт директоры Евгений Калакуцкий айтты.
«Зенит» Аршавинді сатып алу туралы ұсыныс жасаған жоқ. Бұл тек маркетингілік қадам ғана деп ойлаймын.
Бірақ «Зенит» сондай ниет білдіріп жатса, бізді бұрын-ақ табар еді. Оның үстіне, Сергей Фурсенко мені таниды – бірге жұмыс істегенбіз.
Аршавиннің ойыны біздің талабамызға сай: гол соғып, нәтижелі пас беріп жүр, шеберлігін де жиі көрсетіп тұрады. Нақты ұсыныс болса, сөйлесеміз. Бүгінде ол «Қайраттың» футболшысы», - дедіКалакуцкий.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или