ПСЖ президенті: Вератти сатылмайды

ПСЖ президенті: Вератти сатылмайды

ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифидің айтуынша, француз клубы жартылай қорғаушы Марко Верраттиді сатпайды.

«Вераттидің трансферлік бағасы – 80 млн еуро да, 100 млн еуро да емес. Себебі ол сатылмайды», - деді Аль-Хелаифи Marca-ға берген сұхбатында.

Бұған дейін «Барселона» италиялық футболшы үшін 100 млн еуро беруге дайын екені хабарланған болатын.

Өткен маусымда Вератти ПСЖ сапында 43 матч өткізіп, үш гол мен сегіз нәтижелі пас авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или