«Қазақстан» мен «Kazsport» Конфедерация кубогын көрсетеді
«Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары маусымның 17-сі мен шілденің 2-сі аралығында Ресейде өтетін футболдан Конфедерация кубогын көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның ресми сайты хабарлады.
Конфедерация Кубогы – ФИФА аясында өтетін ұлттық құрамалар арасындағы сегізінші футбол турнирі. Оған 8 ел қатысады: Ресей, Германия, Аустралия, Чили, Мексика, Жаңа Зеландия, Португалия және Камерун. Үш құрама (Ресей, Португалия және Чили) турнирге алғаш рет қатыспақ.
Кубоктың барлық 16 матчы «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.
Алғашқы матч 17 маусымда турнир қожайыны Ресей мен Жаңа Зеландия құрамалары арасында өтеді. Матчтың басталуы – Астана уақытымен 21:00-де.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или