Леффлер: Бұл - бокс тарихындағы ең мықты жекпе-жек
IBF, WBA, WBC және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер жетістікке жету үшін не істегені жайлы айтып берді.
«Геннадийге оңай соқпады. Осыдан бес жыл бұрын НВО мен Showtime арналарына Геннадийді трансляцияға қосу үшін жалынған болатынмын, ал қазір ол бокс тарихындағы ең ірі жекпе-жекке шығады.
Біз Геннадийдің қарсыласына үнемі көп көлемде ақша ұсынумен болдық. Менің бокста жүргеніме 25 жыл болды, бірақ боксшыдан осылай қашқанды бірінші рет көруім», - деп Леффлердің сөзін Las Vegas Review жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или