Қазақ қызы ФИДЕ-нің ерлер арасындағы шебері атанды

Қазақ қызы ФИДЕ-нің ерлер арасындағы шебері атанды

Ресей атынан өнер көрсететін қазақ қызы Бибісара Асаубаева ФИДЕ-нің ерлер арасындағы шебері атанды. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Қуанышты жаңалықпен «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Иғали фейсбуктегі парақшасында бөлісті. <br />«Минскіде ерлер арасында өткен Еуропа чемпионатында Тараздың 13 жастағы тумасы Бибісара Асаубаева 11 ұпайдан 5,5 (3 жеңіс, 5 тең ойын, 3 жеңіліс) жинап, халықаралық ерлер шебері нормасын орындады. Осылайша автоматты түрде ФИДЕ-нің ерлер арасындағы шебері атанды. Құтты болсын!», - деп жазды Марат Иғали.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или