Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі бел ортасынан асты. Дегенмен әлі де болсын қай құрамалардың мундиальға жолдама алатынын болжап айту қиын. Әсіресе Е тобы.
Бұл топта біздің ұжым да бар. Алайда Қазақстан құрамасының жолдамадан үмітін үзгелі қашан... 6 ойын өткізіп, 2 ұпайға қол жеткізген біздің футболшылардың ендігі тек жанкүйерлерді қуанту үшін өнер көрсетуі қалды. Ал өзге құрамалардың деңгейлері шамалас. Тек Левандовский бастаған Польшаның фаворит демесеңіз, Черноргория, Дания және Румынияның ойындары бір деңгейде. Тіпті, Арменияның арасында қарсыластарынан күтпеген жерден үш ұпайын тартып алатын қауқары бар. Ендеше, Е тобындағы өткен кездесулерге шолу жасасақ.
Әлем біріншілігі-2018, Іріктеу ойындары
Топтық кезең / E тобы
Алматының төрінде өткен кездесуде Дания құрамасы еш қиындықсыз үш ұпайын олжалады. Йоргенсен, Эриксен және Дольбергтің соққан голдарына Қазақстан құрамасы Қуаттың жалғыз добымен жауап қатты.
Қазақстан - Дания 1:3
Голдар: Қуат 76' - Йоргенсен Н. 27' Эриксен 50' Дольберг 81'
Қазақстан құрамасы: 1. Лория Д., 6. Ахметов, 16. Сүйімбаев, 18. Шомко, 23. Логвиненко, 5. Куат, 9. Исламхан, 10. Жуков, 11. Мужиков, 13. Нұрғалиев, 17. Нөсербаев
Алаңға ойын ортасында қосалғандар: 21. Бейсебеков (56') , 2. Вороговский (67') , 20. Тұңғышбаев (74')
Қосалқы құрам: 12. Исламкулов, 22. Плотников, 3. Ерланов, 4. Сартаков, 7. Жалмұқан, 15. Байжанов, 8. Тұрысбек, 14. Федин, 19. Мұртазаев
Ескертулер: Нусербаев 20', Логвиненко Ю. 63'
Алаңнан қуылды: Исламхан 43'
Дания құрамасы: 22. Реннов, 3. Вестергор, 5. Дурмиси, 4. Кьяр, 7. Квист , 8. Делейни, 17. Ларсен, 10. Эриксен, 9. Йоргенсен Н., 11. Брайтвайт, 20. Поульсен Ю.
Алаңға ойын ортасында қосалғандар: 19. Шоне (46') , 15. Дольберг (68') , 14. Дальсгор (82')
Қосалқы құрам: 1. Рогор-Йенсен, 16. Хансен, 2. Соренсен, 6. Кристенсен А., 12. Бьелланд, 13. Йоргенсен М., 18. Лерагер, 21. Систо, 23. Вибе
Польшаның соңына ілескен Черногория құрамасы қайтсе де топтағы екінші орынды сақтап қалуға тиіс. Арменияның қақпасына төрт бірдей гол соққан алаң иелері қажетті ұпайларын алып, әзірге Данияның алдында келеді.
Черногория 4:1 Армения
Голдар: Бечирай 2' Йоветич 28' Йоветич 54' Йоветич 82' - Корян 89'

Черногория : 1. Петкович Д., 6. Томашевич, 15. Савич, 22. Симич, 3. Йовович , 4. Вукчевич Н., 7. Косович, 8. Янкович М., 23. Марушич, 10. Йоветич, 11. Бечирай
Алаңға ойын ортасында қосалғандар: 14. Шчекич (71') , 21. Климента (75') , 18. Хакшабанович (84')
Қосалқы құрам: 12. Миятович М., 13. Полексич, 5. Баша, 17. Зверотич, 16. Кояшевич, 20. Иванич, 9. Вучинич, 19. Мугоша
Армения: 1. Бегларян, 3. Дагбашян, 4. Восканян Т., 5. Андонян, 15. Мкоян, 13. Оганесян К., 18. Мхитарян, 14. Григорян А., 23. Озбилиз, 8. Пизелли, 9. Корян
Алаңға ойын ортасында қосалғандар: 17. Едигарян Ар-к (46') , 22. Манучарян Э. (59') , 21. Барсегян (73')
Қосалқы құрам: 12. Меликсетян, 16. Айрапетян, 2. Манучарян А., 20. Айрапетян, 7. Малакян Э., 10. Асланян, 11. Саркисов

Ескертулер: Корян 60', Григорян А. 79'
Е тобының көшбасшылары өз жерінде Румыния футболшыларын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында Польшаның шабуылшысы Левандовски хет-трик жасап, сұрмергендер көшінде нәтижесін жақсартып алды.
Польша 3:1 Румыния
Голы: Левандовски Р. (п.) 28' Левандовски Р. 57' Левандовски Р. (п.) 62' - Станку 77'

Польша : 1. Щенсны, 2. Паздан, 3. Енджейчик, 4. Ционек, 5. Мончиньски, 8. Линетты , 16. Блащиковски, 19. Зелински, 20. Пищек, 9. Левандовски Р., 11. Гросицки
Алаңға ойын ортасында қосалғандар: 10. Крыховяк (44') , 7. Милик (72') , 14. Теодорчик (81')
Қосалқы құрам: 12. Скорупски, 22. Фабиански, 6. Левчук, 15. Берешиньски, 18. Каминьски, 13. Рыбусь, 17. Пешко, 21. Горальски, 23. Вильчек
Румыния: 12. Тэтэрушану, 3. Тошка, 6. Кирикеш, 14. Латовлевич, 22. Сэпунару, 2. Бензар, 7. Кипчу, 8. Пинтилий, 18. Марин Р., 19. Станку, 9. Андоне
Алаңға ойын ортасында қосалғандар: 23. Станчу (60') , 10. Грозав (61') , 20. Ханка (79')
Қосалқы құрам: 1. Пантилимон, 16. Ницэ, 15. Цыру, 4. Гардош, 17. Бикфалви, 5. Ротариу, 11. Иван, 13. Бэлуцэ, 21. Ганя К.

Ескерту: Сэпунару 28'
Әзірге, Польша құрамасы 16 ұпаймен көш бастап келеді. Қоржынында 10 ұпайы бар Черногория мен Дания ұжымдары екінші орынға талас жүргізсе, олардың қатарына алдағы уақытта не Румыния, не Армения құрамаларының бірі қосылуы әбден мүмкін. Ал, өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы төрт бірдей ойында жеңілсе, тек екеуінде бір ұпайдан олжалаған. Алда әлі төрт кездесу бар...

Ой қорытқан Айбар РЫСДӘУЛЕТ