Роналду егіз сәбидің әкесі атанды

Роналду егіз сәбидің әкесі атанды

«Реала» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Роналду егіз сәбидің әкесі атанды. Оған қос сәбиді суррогат ана туып берді, деп хабарлайды Marca. Егіздердің бірі ұл бірі қыз екендігі айтылуда.

Дереккөздің хабарлауынша, Ева және Матео атты егіздер АҚШ-та дүниеге келген.

Әзірге Роналдудың өзі немесе оның жақындары бұл хабарды растаған жоқ.

Ертеректе бірнеше ақпарат көздері Роналду суррогат анадан егіз сәбидің дүниеге келуін күтіп жүргендігі хабарланған болатын.

Роналдудың бұған дейін де суррогат анадан бір ұлы болған. Қазірде кіші Роналду алты жаста.

Дәл қазіргі уақытта Роналдудың өзі Джорджино Родригес атты модель қызбен көңіл жарастырып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или