Каспер Дольберг: Пенальти болды

Каспер Дольберг: Пенальти болды

«Аякс» пен Дания құрамасының шабуылшысы Каспер Дольберг Қазақстанмен болған ойын жайлы және пенальти туралы айтты.

- Сырт алаңда Қазақстанға қарсы ойнау қаншалықты қиын болды?

- Шынын айтқанда бізге оңайға түскен жоқ. Бір қуаныштысы біз жеңіске жете алдық. Атқарылған жақсы жұмыс өз нәтижесін берді. Ең бастысы Алматыда үш ұпайға қол жеткіздік.

- Ойындағы алаңнан қуылу мен пенальти жайлы не айта аласыз?

- Шынымды айтсам ойыншы алаңнан қуылған сәтті байқамай қалдым. Мен ол кезде алыстау тұрған едім. Алайда, жігіттердің барлығы төрешінің дұрыс шешім қабылдағанын айтты. Ал пенальтиге келетін болсақ сөз жоқ ол жерде ойын тәртібі бұзылды.

- Бүгінгі жеңіс сіздер үшін оңайға соқты ма?

-<span> </span>Олай дей алмас едім. Біз ойын бойы алаңда арпалыстық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или