Кристиан Эрикссон: Алматы қаласынан тек жақсы әсерлер қалды

Кристиан Эрикссон: Алматы қаласынан тек  жақсы әсерлер қалды

Бүгін ӘЧ-2018 Іріктеу кезеңі аясында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Дания командасынан жеңіліп (1:3) қалды. Кездесуден кейін Дания құрамасы мен «Тоттенхэм» клубының жартылай қорғаушысы Кристиан Эрикссон prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Кристиан,  ойын жайлы айтып берсеңіз?

- Есепке қарамастан кездесу қиын болды. Қарсылас команда алаңда бізге көп қиындық тудырды. Ойынға жақсы баға беремін.

- Алматы қаласы, «Орталық» стадион және жанкүйерлер жайлы пікіріңіз қандай?

- Алматы қаласынан тек  жақсы әсерлер қалды. Стадиондағы атмосфера керемет. Шынын айтқанда күткеніміз басқандай еді. Алайда бүгінгі қолдау бізді жақсы жағынан таң қалдырды.

- Пенальти мен қызыл қағаз жайлы не айта аласыз?

- Оны видео қайталамадан көрмесең бір шешім шығарып айту қиын. Сондықтан артық ештеңе айта алмаймын.

Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или