Дания қандай қарсылас? Үш ойын, үш жеңіліс
Бүгін Алматының Орталық стадионында Қазақстан Ұлттық құрамасы Каспер Шмейхель, Кристиан Эриксен және жас талант Каспер Дольберг бастаған азулы Дания ұжымына төтеп бермек.
Қос ұжым өзара 3 кездесу өткізген. Үшеуі де ресми ойын. Оның екеуі Скандинавия түбегін өтсе, біреуінде даниялықтар Алатаудың бөктеріне қонаққа келді. Қазақстан құрамасы қарсыласының қақпасын 2 мәрте дәл көздесе, даниялықтар 9 гол соққан. Біздің құраманың сапынан 2005 жылы Александр Кучма, 2016 жылы Гафуржан Сүйімбаев көзге түскен. Үш ойында есепті алғаш болып Дания футболшылар ашты. Қос құрама арасындағы алғашқы кездесуден біздің ұжым сапынан қазіргі таңда тек Мақсат Байжанов қалып отыр. Ұпай санын есептесек: Дания құрамасының қоржынында 9 ұпай, біздің құрама ұпай ала алмаған.

Алғашқы ойын сонау 2005 жылы өткен екен. Неміс жерінде өткен мундиальға іріктеу кезеңі аясында Даниямен күш сынасу үшін Қазақстан құрамасы Копенгаген қаласына келеді. Қос құрама арасындағы бірінші кездесуде Самат Смақов бастаған жігіттер оңбай ұтылады. Сол ойында Новиков қақпасынан допты үш мәрте алып шығуға мәжбүр болған.
Дания – Қазақстан - 3:0 (2:0). 2006 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі.
Голдар: Мёллер, 10 (1:0), Поульсен, 34 (2:0), Мёллер, 47 (3:0)
Дания: Т.Сёренсен, К.Поульсен, Б.Приске, М.Лаурсен, Т.Хельвег, Д.Йенсен, М.Йоргенсен, П.Мёллер, Й.Гронкьяер (М.Сильбербауэр, 73), Н.Йенсен (К.Йенсен, 46), Й.Даль-Томассон (К.Перес, 46). Бас бапкер – М.Ольсен
Қазақстан: Новиков, Ляпкин, Авдеев, Смақов (к), Фамильцев, Утабаев (Дубинский, 77), Чичулин (Ларин, 46), Травин (Байжанов, 56), Карпович, Балтиев, Родионов. Бас бапкер – С.Тимофеев
26.03.2005. Копенгаген, Parken. Төреші: Гжегош Гилевски (Польша) 
Аталмыш құрамаларының арасындағы екінші кездесу Алматы қаласында өтті. Гравгорд пен Томассон екінші таймның басына соққан қос голына алаң иелері тек Кучманың добымен жауап қайтарды.
Қазақстан - Дания - 1:2 (0:0). 2006 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі.
Голдар:Гравгорд, 46 (0:1), Томассон, 49 (0:2), Кучма, 86 (1:2)
Қазақстан: Новиков, Авдеев, Фамильцев (Ларин, 56), Муканов, Кучма, Смақов, Хохлов, Карпович, Жұмасқалиев, Ирисметов (Травин, 66), Литвиненко (Кенжеханов, 50). Бас бапкер - С.Тимофеев
Дания: Сёренсен (Й.Кристиансен, 46), Приске, П.Нильсен, Гравгорд, Н.Йенсен (Хельвег, 87), Роммедаль (Каленберг, 46), К.Поульсен, Д.Йенсен, С.Ларсен, Йоргенсен, Томассон. Бас бапкер - Мортен Ольсен
Ескертулер: Муканов, 26, Авдеев, 29, Ирисметов, 42 - Ларсен, 18, Поульсен, 26, Д.Йенсен, 43
Авдеев, 87 (К)
12.10.2005. Алматы, "Орталық". 8 050. Төреші: Эдо Тривкович (Хорватия)

Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Даниямен бір топқа түскен болатын. Алғашқы кездесу Копенгаген қаласында өтті. 15-ші минутта Корнелиус есепті ашқанымен, артынша Гафуржан Сүйімбаев таразы басын теңестірген. Аладай арада 20 минут өткен Эриксен пенальтиден командасын есепте алға шығарса, екінші таймда Анкерсен есепті еселеп, Эриксен матчтағы соңғы нүктені қойды.
Дания — Қазақстан - 4:1 (2:1). 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі.
Голдар: Корнелиус, 15 (1:0), Сүйімбаев, 17 (1:1), Эриксен, 36, пенальтиден (2:1), Анкерсен, 78 (3:1), Эриксен, 90+2 (4:1)
Дания: Рённов, Анкерсен, Кьер (к), Дурмиси, Квист, Дилейни, Н.Йоргенсен, Эриксен, Бьеллан, Ю.Поульсен, Корнелиус (Дольберг, 82). Бас бапкер - Оге Харейде (Норвегия)
Қазақстан: С.Покатилов, Малый, Е.Ахметов, Мухутдинов, Исламхан (к) (Мұртазаев, 70), С.Мужиков (Тұңғышбаев, 81), М.Байжанов, Сүйімбаев, Шомко, Хижниченко (Молдақараев, 60), Логвиненко. Бас бапкер - Т.Байсуфинов
Ескертулер:Корнелиус, 22, Н.Йоргенсен, 80 - Е.Ахметов, 8, Молдақараев, 81
11.11.2016. Копенгаген, Telia Parken. Төреші: Алон Йефет (Израиль)
Қазақстан мен Дания ұжымдары арасындағы төртінші ойын Алматы қаласының Орталық стадионында өтпек. Бұл Александр Бородюктің Қазақстан құрамасының тізгініндегі екінші ойыны. Дебютті кездесуінде Армения футболшыларына сырт алаңда есе жіберген.
Қос құраманың 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі жағдайы:

Ой қорытқан Айбар РЫСДӘУЛЕТ