Бородюкке тағы бір мүмкіндік

Бородюкке тағы бір мүмкіндік

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасын үлкен сынақ күтіп тұр. Еліміздің басты командасы Алматыда Дания құрамасын қабылдайды.

Бұл ойын бірнеше фактор бойынша маңызды болып тұр. Теориялық тұрғыда Қазақстанда топта екінші орын алуға әлі мүмкіндік бар. Футболшыларымыз Черногориядан бес ұпайға қалып тұр. Бірақ соңғы орында тұрған Қазақстанды ешкім қарсылас санамайтыны анық. Дания да сондай оймен келді. Ойыншылардың сұхбатынан, даниялық БАҚ өкілдерінің мақалаларынан осыны анық аңғаруға болады.

Е тобының бес турынан соң Қазақстан соңғы орында деп айттық – еншімізде 2 ұпай бар. Дания 7 ұпай жинап, үшінші сатыда тұр. Бір қызығы, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан өз алаңында әлі жеңілген жоқ. Рас, жеңіске жеткен де жоқ. Алдымен Польшамен, кейін Румыниямен тең түсті.

Даниялықтар болса, осы іріктеуде сырт алаңда жеңіске жете алмай жүр. Басында Польшадан жеңіліп қалды. Кейін румын ойыншыларымен тең тарқасты.

Алматылық жанкүйерлер алдындағы жаңа мүмкіндік

Бапкер Александр Бородюктің Қазақстанда жолы болар емес. Былтыр алматылық «Қайратта» сәтсіз өнер көрсетіп, бірінші айналым бітпей жатып, орнынан босаған болатын.

Биылол ол құраманың тізгінін ұстады. Бірақ бұл жолы да нәтижесі көңіл көншітпейді. Жолдастық кездесуде Кипрден 3:1 есебімен жеңілдік. Ал Бородюктің құрамадағы алғашқы ресми матчында Арменияға есе жіберді. Сондықтан, Бородюк үшін Алматыдағы Орталық стадионда өтетін матч «Қайраттың» да, Қазақстанның да жанкүйерлері алдында өз шеберлігін көрсететін мүмкіндік.

Құрамда кімдер бар?

Қазақстан мен Дания футболшыларының деңгей айырмашылы бұған дейін де жүз айтылды. Оған тағы да тоқталудың қажеті шамалы. Бірақ Бородюктің алдынан құрамда қиындықтар туып отыр.

ҚПЛ-дағы үздік сұрмергендердің бірі Алексей Щеткин жарақат алып, команда сапынан кетіп қалды. Негізгі ойыншылардың бірі Ғафуржан Сүйімбаев та сол аяғын ауыртып алғанға ұқсайды. Оның бүгінгі матчқа қатысар-қатыспасы белгісіз.

Оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан құрамасы еліміздің жастар командасымен кездесіп, дайындығын пысықтап алған болатын. Сол кезде ұлттық құрама 4:2 есебімен жеңген еді. Азат Нұрғалиев, Бауыржан Исламхан, Серікжан Мужиков пен Таңат Нөсербаев қанжығаларын майлады.Похожее изображение

Ал Дания Алматыға сақадай сай келді. Тек қақпашы Каспер Шмейхель ғана келген жоқ. Қалған мықтылар осында. Оның үстіне, Оге Харейде  шәкірттері бірнеше күн бұрын әлем чемпионы Германиямен жолдастық кездесу өткізіп, тең тарқасқан болатын. Бұл да командаға қосымша күш бергені сөзсіз.

Даниялықтар сапынан екі ойыншыны ерекше атап өтуге болады – Каспер Дольберг пен Кристиан Эриксон. Біріншісі биыл «Аякспен» бірге Еуропа лигасының финалына дейін жеткен еді. Ал Эриксонның «Тоттенхэмі» Англияның вице-чемпионы атанды. Бұл ойыншылардың трансферлік құндары да жоғары. Дольберг 14 млн, Эриксон 35 млн еуроға бағаланған. Салыстырмалы түрде айта кетейік, Қазақстанның барлық ойыншысын қосқанда 16 млн 850 мың еуро шығады.

Картинки по запросу дания казахстан 4:1

Тарихты жаңартатын сәт жетті...

Данияда өткен алғашқы матчта алаң иелері 4:1 есебімен жеңген болатын. Ал оның алдында, 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан даниялықтарға 0:3, 1:2 есебімен жол берген еді. Өкінішке қарай, тарих та, статистика да бүгінгі қонақтардың пайдасында болып тұр. Бірақ футболды сол тарих пен статистика ойнамайтыны анық, сондықтан біздің жігіттер бүгін аянып қалмайды.

Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды «Kazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или