Қазақстан-Дания. Оптимисттік көзқарас.
Ертең Қазақстан құрамасы кезекті ресми кездесуін өткізеді. Төрешінің тоқсан минут аяқталғаның білдіретін ысқырығынан кейін жерлестерімен мақтанған халықтың рухы көтерілема, әлде «біздің елге футбол керек емес» деген әңгіме көтерілема, оны ойын көрсетеді. Ойын нәтижесіне ел арасында үміттен гөрі күдік басым. Пессимисттік теңізге бір оптимисттік тамшы тамызайын деп шештім. Жаздың 1 айында, Бородюктің 2 кездесуінде, жеңіске жетеміз деген 3 себеп бар. Кеттік...
1-себеп. Бауыржан Исламхан
Исламхан Қайрат сапында 2004 жылы «Алтын доп» иегері атанған Шевченконың, Милан жейдесінде ойнап жасындай жарқылдағаның еске салып, ал ұлттық құрамада Шеваның лондондық Челсидағы ойын өрнегін көрсететіні мәлім. Негі екені белгісіз, бірақ құрама жейдесінде Баториктың көсіліп ойнағаның көре алмадық. Кейбір ойындардағы сәтті қимылдары есте, алайда капитан болғасың команданы алға сүйреп 90 минут бойы доптан ажырамауы қажет. Қазақстан Премьер лигасының соңғы матчтарын көріп тараздық таланттың бабында екенің байқадық, оның үстіне ойынның орталық стадионда өтуі Исламхан үшін қуанышты хабар. Болашағынан үміт күттіретін жас ойыншы атауынан Бауыржан әлдеқашан айырылды, қазір оны қалыптасқан футболшы ретінде қарастырамыз. Өзіне үйреншікті алаңда, команданы алға сүйремесе, жанкүйер қауымның кеше қоюы екі талай.
2-себеп. Орталық стадион
Орталық стадион- тарихы мен төсеніші ең үздік арена. КСРО чемпионаты, құраманың кәрі құрлықтағы алғашқы ойыны, Арно Пайперстің командасын көрген бұл спорттық нысанда кез-келген матч жоғары деңгейде өтеді. Ішкі додалардың өзіңде лықа толатын аренада сенбі күні ине алдараспан(шаншар) орын болмауы тиіс. Әрқашан септігін тигізетін синтетиканың болмауы бізге кері әсер етеді деп ойлау қателік. Себебі жасаңды алаңда біз тек тең есептермен қанағаттанып жүрміз, ал жеңу үшін бізге Алматының табиғи төсеніші керек. Стадионға жиналған жанкүйерлер біздің он екінші ойыншымыз, ал Елдос Ахметов ойнаса он бірінші ойыншымыз болуы қажет.
3-себеп. Бородюк
Неге екені белгісіз, бірақ осы ойында Бородюкка деген сенімім мол. Александр жаттықтырған Торпедо командасы әдемі ойын көрсететін, 2008 жылы таң қалдырған Ресей құрамасының да басы қасында осы азамат жүрді. Армениямен ойынға жаттығу үшін аз уақыт болғаның ескеріп, тексерілген жүйемен ойнаған Бородюк , осы жолы өзін көрсетуі қажет. Осы жолы сәтсіз ойын болса, Ресейге қайтып дене шынықтырудан сабақ бере бергені дұрыс.