Дания құрамасының бас бапкері Қазақстанға қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында матч жайлы пікірмен бөлісті.
- Ойыншылар қазір бабында. Бәрі ойынға дайын және кездесуді асыға күтуде. Алматыдағы алаңды зерттедік. Алаң көңілімізден шықты және қалада дайындыққа барлық жағдай жасалған. Бір ғана қиындық - уақыт айырмашылығы, әсіресе Германиядан ұшып келгеннен кейін.
- Қазақстан жайлы ойыңыз қандай және команданың мықты жағын айта аласыз ба?
- Бұл командада техникасы мықты ойыншылар көп. Қазақстан құрамасы Данияда Армения мен Черногориядан көбірек басымдыққа ие болды. Дания Қазақстанға қарсы мүмкіндікті құр жібермеді. Қазақстан топтағы командалармен бір деңгейде деп айтуға болады. Әрине, топтағы көшбасшыларды есепке алмағанда.
- Қазақстанмен болатын ойында сәтсіздікке ұшырасаңыз, қызметіңізді босатасыз ба?
- (Күлді). Ойынның үш нәтижесі бар: жеңіс, жеңіліс және тең ойын. Біз ертең жеңіске жетуді жоспарлап отырмыз. Өз қызметімнен кетуге асықпаймын.
- Осы жылы ЕУРО-92-ден бері 25 жыл толып отыр. Осы іріктеу кезеңінде бұл сізді жігерлендіре ме?
- Германиямен ойында осы мерейтойды атап өттік. Біз өткенге байланбаймыз. Болашаққа қараймыз. Командада Еуропаның үздік чемпионаттарында ойнайтын жас ойыншылар көп. ЕУРО-2020 іріктеуіне мықты команда жасақтап жатырмыз.
- Қазақстан сапында Дания қақпасына кім қауіп төндіре алады?
- Біз қарсыласты зерттедік. Олардың матчтарын қарадық. Бір ойыншы емес, жалпы команданы қарастырдық. Біздің қарсыластар бір деңгейде. Тек Польша мен ондағы Робер Левандовскийді санамағанда. Ол шабуылшы жалғыз өзі матч тағдырын шешіп кете алады. Қазақстан - бір ойыншыны атайтын команда емес.

- Қазақстанға қарсы оңай жеңіске жетпедіңіз. Жеңілістен қорықпайсыз ба?
- Егер қорқынышқа берілсең, футболмен айналыспаған дұрыс.
- Каспер Шмейхельдің ойнамайтыны сізді алаңдатпай ма?
- Дания қақпасында Германияға қарсы ойында басқа қақпашы (Фредерик Реннов) тұрды және ол біздің құрамдағы ең үздігі болды. Сондықтан ешқандай қиындық жоқ.
Симон Кьер:
- Бізді қызықты ойын күтіп тұр. Дегенмен, біз фаворитпіз. Германияға қарсы ойнамағанмен, біздің команда жақсы көрінді. Қазақстанға қарсы өткен ойынды еске алсақ, біз бірнеше қателік жіберіп алдық. Соларды қайталамаймыз деп үміттенемін.

Николай Йоргенсен:
- Мен құрама сапында аз гол соғамын. Бұл көрсеткішті жақсартқым келеді. Қазақстанға қарсы ойында қанжығамыз бос кетпейді деп үміттенемін.

