Александр Бородюк: Данияның бізге қарсы қалай дайындалғаны қызық емес

Александр Бородюк: Данияның бізге қарсы қалай дайындалғаны қызық емес

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы баспасөз мәслихатында Данияға қарсы ойынға дайындық жайлы айтып берді.

- Біз 10-шы маусым күні жақсы қарсыласпен ойын өткіземіз. Дима айтқандай, команда жақсы дайындық жүргізді. Қазір мен қандай тактикалық жоспар құрғанымызды айтпаймын. Данияға келсек, бұл құрама үш қорғаушымен ойнайды, ал Германияға қарсы төрт қорғаушымен алаңға шықты. Кез-келген тактикалық жоспар ойын барысында өзгереді. Ең бастысы - футболшылар алаңда дұрыс орналасуы керек және физикалық жағынан мықты болып, жеке шеберлігі жеткілікті деңгейде болуы тиіс. 

- Сіз орталық қорғаушылар Логвиненко – Ерланов жұбын ойнатасыз ба?

 - Біз 5 жас футболшы шақырып үлгердік. Олардың өз клубтарында қалай ойнап жүргенін көріп жүрміз. Орталық қорғаушылардың жоқтығы білінетіні рас. Бапкер басқа позицияда ойнайтын ойыншыларды да таба алады. Универсал ойыншылар бар. Қазір селекциялық жұмыс істеу керекпіз. Қазақстанда талантты балалардың барлығына күмән келтірмеймін. 18 жастан олар ойын практикасын алуы керек. Сонда футбол көтеріледі. Қазіргі жас футболшыларға келсек, олар үйрене бастады. Болашақта оларға көбірек сенім артамыз. 

- Ереванда ойын соңындағы баспасөз мәслихатында Даниямен тек жеңіс үшін ойнау керек деп айттыңыз. Футболшылар да осы ойда ма?

- Кез-келген спортшы алаңға тек жеңіс үшін шығуы тиіс. Жігіттер тек тиімді нәтижеге ойнайды.

- Дания құрамасындағы ойыншылар үшін маусым аяқталды. Бұл бізге тиімді деп айтуға бола ма?

- Бізге даниялықтардың бізге қарсы қалай дайындық жүргізгені қызық емес. 

- Құрама ойыншылары сағат нешеде ұйықтайды? Данияға қарсы ойын 22:00-де басталатынын ескерсек...

- 22:30-да ойыншылар ұйқыға кетеді. Кейбіреуі ертерек ұйықтайды. Матчтың басталу уақыты біз үшін тиімді деуге болмайды. Бұл - УЕФА-ның шешімі. Бұған қарсы ештеңе істей алмаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или