Месси: Роналду керемет ойыншы

Месси: Роналду керемет ойыншы

«Барселона» шабуылшысы Месси «Реал» ойыншысы Криштиану Роналдудың керемет ойыншы екендігін айтты, деп хабарлайды ESPN.

«Мен бұған дейін де айтқанмын, реті келгенде Роналду да айтып жүр. Біздің арамыздағы бәсекелестік екеумізді де күштірек етеді. Біз әр жыл сайын өз командамызбен үлкен жетістіктерге жетуге тырысамыз. Бұдан өзге айтылып жүрген алып қашпа әңгімелер маңызды емес. Роналду – керемет ойыншы. Барлық әлем мұны жақсы біледі. Ол әлемдегі үздіктердің бірі», - дейді «Барселона» шабуылшысы Месси.

Айта кетейік Месси мен Роналду тек қазіргі ғана емес футбол тарихындағы ең үздік ойыншылар саналады. Екеуін футбол каролі саналатын Пелемен, «Құдайдың қолы» Марадоннамен салыстыратындар көп.

Роналду мен Месси соңғы он жылда әлемнің үздік футболшысына берілетін «Алтын допты» ешкімге бермей, кезек иеленіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или