Максим Федин: Біз даниялықтардан еш кем емеспіз
«Окжетпес» клубының жартылай қорғаушысы Максим Федин Қазақстан құрамасы қатарына шақырту алған болатын. Prosports.kz тілшісімен болған сұхбат барысында Максми біздің құрама мен Дания құрамасын салыстырып өтті.
– Максим, Қазақстан құрамасы қатарында қатты қобалжып жүрген жоқсың ба?
– Әрине, қобалжу бар. Алайда жұмысқа кіріскен кезде, жасыл алаңға шыққанда бәрі ұмытылады. Дәл қазіргі уақытта қобалжу жоқ.
– Ұлттық құрамаға бейімделуіңе қол ұшын созғандар болды ма?
– Құрамада ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибесімен бөлісетін ойыншылар жеткілікті. Әрқайсынан бірдеңе үйренуге болады. Шомконы ерекше атап өтуге болады. Содан үлгі алып жүрмін. Біз екеуміз бір қаладанбыз. Бала күнімде соның жолын бағып жүрдім. Дима жеткен биіктерге жетуді арман еттім. Ұлттық құрамада көп адамдармен ақылдасамын.
– ҚПЛ ойындарында сен Алматының Орталық стадионында ойын өткізіп үлгердің. Алматының жасыл алаңында ойнау арқылы Қазақстан құрамасы Данияға қарсы ойында қандай жетістікке қол жеткізуі мүмкін?
– Алматыдағы алаңда ойнау ұнайды. Ол жерде жақсы футбол көрсетуге мүмкіндік бар. Бірінші кезекте бұл біздің жасыл желек, біздің стадион. Жанкүйерлер тарапынан керемет қолдау болады деп үміттенем. Сол кезде бізге де даниялықтармен ойнау оңайға түсер еді.
– Отбасыңнан саған қолдау көрсету үшін арнайы Алматыға келетіндер бар ма?
– Болады деп үміттенем.
– Дания құрамасының ЕУРО-92 жарысындағы ерлігі жайлы естідің ба?
– Жоқ.
– Оқуға кеңес беремін. Сенің таңғалатыныңа шүбә жоқ.
– Біз қазіргі уақытта Дания құрамасы қатарында қандай ойыншылар барын білеміз. Бірақта бізге сеніңіздер, біздің қатарымызда да жоғары деңгейлі ойыншылар бар. Біз даниялықтардан еш кем емеспіз.