Шекспир «Лестермен» үш жылдық келісім жасасты
«Лестер» клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша клуб команда бапкері Крейг Шекспирмен үш жылдық келісім жасасты.
Шекспир команданы өткен маусымның ортасында қолға алған болатын. Клубты чемпиондық атаққа жеткізген Клаудио Раньери жұмысынан қуылған соң команданы құтқару үшін Шекспир шақырылған.
Шекспир келген соң команда бірнеше рет қатарынан жеңіске жетіп команда жоғарғы лигада қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или