Теңбіл доп әлемі
Футбол

Мейрімді Месси...

Мейрімді Месси...
news-banner7
mobile-news-top

Месси тойына келушілерге сыйлыққа кететін ақшаны қайрымдылыққа жұмсауды тапсырды.

Әлемнің үздік ойыншыларының бірі Месси 30 маусым күні Антонелла Роккуццоға үйленіп, шаңырақ көтермекші.

Бүгінде екі ұлды тәрбиелеп отырған Месси мен Антонелла некелерін заңдастыруды жөн көрген. Бала күнінен бірге өскен қос ғашық осы күнге дейін азаматтық некеде болған.

Үйлену тойы Мессидің туған қаласы Расариода өтеді. Тойға сыйлы қонақ ретінде «Барселона» клубының барлық ойыншылары мен қызметкерлері шақырылған. Тек құрметті қонақтар қатарында жақында ғана клубтан кеткен Луис Энрике мен клуб президенті Бартомеу жоқ болып шықты. Дегенмен оларсыз ақ тойға жеті жүзге тарта адам келеді деп күтілуде.

Алда болатын тойдың тағы бір ерекшелігі - тойға келушілерге ешқандай сыйлық алмау тапсырылған. Сыйлыққа кететін қаржыны Месси қайрымдылыққа жұмсауға шақырған. Осылайша тойға келушілер «Той кәдесін» қайрымдылық қорына аударатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер