Қазақстан құрамасы жастар командасын жеңді
Футболдан Қазақстан құрамасы жастар командасымен (U-21) жолдастық матч өткізді.
Талғарда өрбіген ойын 4:2 есебімен Александр Бородюк баптайтын командасының пайдасына шешілді. Қазақстан құрамасы сапында Азат Нұрғалиев, Бауыржан Исламхан, Серікжан Мұжықов пен Таңат Нөсербаев гол соқты. Жастар сапында Оралхан Өміртаев пен Александр Соколенко (пенальтиден) көзге түсті.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы ӘЧ-2018 іріктеу кезеңінде Дания командасымен күш сынасады. Аталмыш кездесу маусымның 10-ы, Алматының Орталық стадионында өтеді. Кездесудің басталу уақыты – 22:00.
Жолдастық матч.
Қазақстан – Қазақстан (U-21) – 4:2
Голдар: Нұрғалиев, Исламхан, Мұжықов, Нөсербаев – Өміртаев, Соколенко (пенальтиден)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или