Әлем чемпиондарына сынақты сәтті тапсырған Дания Алматыны бетке алады
Футболдан Дания мен Германия құрамалары жолдастық кездесу өткізіп тең тарқасты.
Кездесудегі есеп 1-1. Ойында алғашқы болып есепті Дания құрамасы ашты. Мергендік танытқан Эриксен болатын. Кездесудің негізгі уақыты аяқталуға екі минут қалғанда Әлем чемпиондары қатарынан Киммих керемет соққымен есепті теңестіріп кетті.
Дания – Германия – 1:1 (1:0)
Голдар: Эриксен 18 - Киммих 88
Дания: Реннов, Дурмиси (Соренсен 65), Вестергор, Кристенсен (З. М. Йоргенсен 46), Стригер, Квист (Шоне 46), Делэни, Эриксен (Лерагер 65), Брайтвайт, Поульсен (Вибе 76), Н. Йоргенсен (Долберг 75).<br /><br /> Германия: Трапп, Зюдле, Рюдигер, Гинтер (Юнес 66), Руди (Джан 58), Горецка (Демирбай 77), Киммих, Дракслер, Хектор (Платтенхардт 90), Штиндль, Вагнер (Брандт 66).
Естеріңізге салсақ, дәл осы Дания құрамасымен Қазақстан Әлем чемпионатына іріктеу аясында Алматыда ойын өткізеді. Кездесу 10-шы маусымда Астана уақытымен 22:00 де басталады.