Оге Харейде – Германия мен Қазақстанға қарсы матч жайында

Оге Харейде – Германия мен Қазақстанға қарсы матч жайында

Дания құрамасының бас бапкері Оге Харейде алдағы Германия мен Қазақстанға қарсы матчтар жайлы ойын айтты.

«Әлемнің үздік құрамаларымен матчта өз күшімізді байқап көруіміз керек. Сол кезде өзіміздің қайда жерде кенімізді түсінеміз. Аптаның соңында нақты түйін шығаруға болады деп ойлаймын. Германия құрамасы сапында көптеген мықты ойыншылар бар екенін білеміз. Бұл ойында алты ойыншыны алмастыруға болатыны қуантады. Себебі сенбіде Қазақстанға қарсы ойынға жаңа күшпен барғымыз келеді», - деді Харейде Sn.dk порталына берген сұхбатына.

Айта кетейік, Дания құрамасы бүгін Германияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Ал 10 маусымда 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанға қонаққа келеді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или