Ресми: Дан-Аксель Загаду дортмундтық «Боруссияға» ауысты

Ресми: Дан-Аксель Загаду дортмундтық «Боруссияға» ауысты

18 жастағы ПСЖ клубының жас қорғаушысы Дан-Аксель Загаду дортмундтық «Боруссия» клубына ауысты.

Бұл жайлы германиялық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Трансфердің егжей-тегжейлері қазірге белгісіз. Алайда бұған дейін БАҚ өкілдері футболшының «Боруссияға» тегін келгенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Дан-Аксель Загаду 1999 жылы 3-ші маусым күні дүниеге келген. ПСЖ клубының түлегі. Сонымен қатар, Франция жастар құрамасының ойыншысы.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или