Анхел Ди Мария «Барселонаға» ауыса ма?
«Барселона» клубы командадан кететіні белгілі болған Арда Туранды ПСЖ ойыншысы Анхел Ди Мариямен алмастыруды ойлап отыр, деп хабарлайды испандық БАҚ.
Ди Марияның каталондық клубқа ауысуына оның Месси және Маскераномен достығы себеп болуы мүмкін.

Аргентина құрамасының ойыншысы командаға қосылып жатса шау тарта бастаған Андрес Иньестаның орнын алмастырады деп күтілуде.
Анхел үшін Испания чемпионаты жат емес. Ол «Барселонаның» басты бәсекелесі «Реал» қатарында төрт жыл ойнап Чемпиондар лигасында, Испания Кубогында және Испания чемпионатында топ жарған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или