ПСЖ Массимилиано Аллегриге ұсыныс жасады
La Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, франциялық ПСЖ клубы «Ювентустың» бас бапкерін жұмысқа шақырды.
Париждіктер бапкерге жылына 10 миллион еуро төлеуге дайын. Ал туриндік клубта Аллегри бұл сомадан екі есе аз алады.
Айта кететін жайт, маманның «Ювентуспен» келісімшарты бір жылдан соң аяқталады. Ол клуб басшылығынан келесі маусымда жалақысын көтеруді және Чемпиондар лигасының деңгейіндегі екі-үш ойыншы сатып алуды талап етуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или