Жаңаберген Қармаңдаев өмірден озды

Жаңаберген Қармаңдаев өмірден озды

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері, Қазақстан күрес Федерациясының бас хатшысы қызметінде бірнеше жыл жұмыс істеген Жаңаберген Сүлейменұлы Қармаңдаев өмірден озды. 

Жаңаберген Сүлейменұлы халықаралық аренада Қазақстанның жеңісі үшін шын жанкүйерлік еткен патриот болатын. Ардагерлерді тасада қалдырмай, үнемі оларға назар аударып жүретін.

Қармаңдаев өз ісінің кәсіби шебері деп айтуға әбден лайық азамат. Отандық күрес мектебіне жаңашылдық енгізіп, күрес түрлерінің дамуы үшін орасан зор еңбек етті.  

ҚР спорттық күрес ассоциациясы, ҚР күрес Федерациясы және Prosports.kz ұжымы Жаңаберген Сүлейменұлының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. 

Жаназа намаз сейсенбі күні, 6-шы маусымда, саңат 10:30-да Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау кентіндегі Қанай көшесі 15-ші үйде болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или