Бауыржан Тұрысбек: Мен қазақпын және Қазақстан үшін бәрін істеймін

Бауыржан Тұрысбек: Мен қазақпын және Қазақстан үшін бәрін істеймін

«Қайраттың» шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Шахтерге» қарсы ойын жайлы, Қазақстан құрамасына шақырту алғаны туралы пікірін айтты.

- Ірі жеңіс – 4:1. «Шахтерге» қарсы ойынды ең оңай матчтардың бірі деуге болатын шығар?

- Ойынға қарасақ, олай демес едім. Біз бар күшімізді салып ойнадық, тырыстық. Алаңда сәтті ойнағасын, төрт гол соға алдық. Сәл салқынқандырақ өнер көрсеттік. Бірінші минутта-ақ гол соққанымыз жақсы болды. Артынша ұзақ уақыт бойы есепті өзгерте алмадық. Кейін қайта гол соға бастадық та, оңайырақ болды. Көп жігіттер шаршаңқырап қалды, бұл анық көрінді. Моральдық тұрғыда жақсы ойнадық. Футболшылардың жеке шеберлігі байқалды.

- Исаэльге қатысты жаңалықтар бар ма? Жарақаты қаншалықты ауыр?

- Мен дәрігер емеспін, бірақ бұрынғы жарақаты қайта болды. Жарақатын түсірген соң, алаңға қашан шығатынын көре жатармыз.

- Аршавиннің осы матчтағы пайдалы істер коэффициентін бағалай аласыз ба?

- Аршавин – бір орында тұрып, гол соқпауға мүмкін еместей қылып пас бере алатын адам. Бүгін солай жасады да, Исламханға әдемі пас асырды. Сол пастан-ақ оның қандай шебер екенін айта беруге болады.

- Өз голыңызды тойлауаңыз туралы айтып беріңізші.

- Өз голдарымды отбасыма, балаларыма, анама арнаймын.

- Осы жексенбіде Қазақстан ұлттық құрамасы Талғарда жиналып, 2018 жылғы әлем чемпионатның іріктеу кезеңінде Данияға қарсы ойынға дайындықты бастайды. Александр Бородюктен шақырту алған соң қандай әсердесіз?

- Құрамаға бірінші рет шақырту алдым. Мұның не екенін әлі түсіне алар емеспін. Құрамада бәрі басқаша деп айтады. Қазір өте үлкен жігер сезініп жүрмін. Мен осы жерде өстім, қазақпын. Қазақстан үшін бәрін жасаймын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или