Рауль Гонсалес: Зидан – «Реалдың» басты элементі
«Реал» клубының аңызы Рауль Гонсалес Чемпиондар лигасындағы «патшалық клубтың» жеңісінен кейін өз пікірімен бөлісті.
«Ойын басында «Юве» мықтырақ көрінді. Туриндіктерді мүмкіншіліктері болды, алайда «Реал» бірінші болып есепті ашты. Кейін Манджукич өз мансабындағы үздік голын соқты. Үзілісте барлығы өзгереді деген сезім болған. Екінші таймда шынымен де барлығы өзгеріп кетті. «Реал» қарсыласынан барлық жағынан мықты болды. 59 жыл өткен соң «Реал» тағы Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Зизуды құттықтаймын. Меніше, бұл Мадрид тарихындағы үздік құрама. Алайда Зиданның бұл жердегі орны ерекше. Ол бұл «Реалдың» басты элементі. Маусым бойы 24 ойыншының тілін тауып, барлығын ойната келе бақытты қылу өте қиын. Зидан – мақтауға тұрарлық бапкер», - деді Рауль.