Роналду Мессидің рекордын бұзды

Роналду Мессидің рекордын бұзды

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Лионель Мессидің Чемпиондар лигасындағы рекордын жаңартты.

Португалиялық футболшы қатарынан бес маусым бойынша аталмыш турнирдің үздік сұрмергені атанып келеді. Бұрынғы рекорд Мессиде болатын. Ол ЧЛ-ның «Алтын бутсасын» қатарынан төрт рет алған: 2008/09, 2009/10, 2010/11 және 2011/12 маусымдарда.

Чемпиондар лигасының биылғы маусымында Криштиану 12 голмен көзге түсті. Месси одан бір голға қалып қойды.

Естеріңізге салсақ, кеше «Реал Мадрид» Кардиффте «Ювентусты» 4:1 есебімен жеңіп, тарихында 12-ші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған еді. Роналду матчта екі гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или