Пирло «Ювентус» ойыншыларына: Тарихқа із қалдыратын күн келді

Пирло «Ювентус» ойыншыларына: Тарихқа із қалдыратын күн келді

«Ювентус» клубының бұрынғы ойыншысы Андреа Пирло туриндік клуб ойыншыларына Чемпиондар лигасының алдында қолдау көрсетіп, видео жолдады.

«Бүгін ұлы күн. Тарихқа із қалдыратын кез келді. Сіздер керемет маусым өткіздіңіздер. Чемпиондар лигасының финалындағы жеңіс бұл маусымды одан бетер әрлендіре түседі. Барлығы сіздерге қолдау көрсетуге дайын. Солардың ішінде мен де бармын. Алыста болсам да мен сіздермен біргемін», - деді видеода туриндік клубтың бұрынғы ойыншысы.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының финалы бүгін Кардифф қаласында өтеді. Финал Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или