«Ертіс» пен «Оқжетпес» ұпай бөлісті
ҚПЛ-дің 15-ші туры аясында «Ертіс» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдады.
Жақында ғана бас бапкері ауысқан көкшетаулықтар турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алуға тырысты. Алаң иелері бұл матчта өзінің фаворит екендігін білдіріп, ойынды өз қолында ұстады. Керекуліктер қанша шабуыл ұйымдастырғанмен, қақпадан саңылау таба алмады. Бірінші таймда есеп ашылмады.
Екінші тайм да шабуылға толы өтті. Алаң иелері белсенді болып, қарқынын үдете түсті. Көкшетаулықтар қарымта шабуылға ден қойды. Кезі келсе қақпаны нысанаға алып көрді. Бірақ екі команданың ұмтылысынан да түк шықпады.
ҚПЛ. 15-ші тур
«Ертіс» - «Оқжетпес» - 0:0
«Ертіс»: Лория, Воротников, Живкович, Ткачук, Двали, Фонсека, Антонио, Дарабаев, Гетериев, Шабалин, Фофана.
«Оқжетпес»: Стаменкович, Хорват, Струков, Федин, Недашковский, Куксин, Юрин, Досмағамбетов, Марочкин, Волков, Шафф.