«Қайрат» «Шахтердің» қақпасына төрт гол соқты
Бүгін ҚПЛ-ның 15-ші турында алматылық «Қайрат» турнирдің аутсайдері «Шахтер» клубын қабылдады. «Ел классикода» «Астана» клубын ойсырата ұтқан «Қайрат» бұл кездесуге аса жігерлене шықты.
Биылғы чемпиондық атақтың басты фавориті «Қайрат» бірінші минутта-ақ есепте алға шықты. Голдың авторы Жерар Гоу. Ойынның алғашқы минутарынан қарағандылық клубтың «аулалық» команда екені көзге түсті. Нәтижесінде, Цхададзе шәкірттері Бауыржан Исламханның және тағы сол сұрмерген Жерар Гоудың арқасында есепті 3:0 жеткізді.
Екінші таймда алматылық команданың футболшылар босаңсып ойнады. Алайда алаңға Гоудың орнына шыққан Бауыржан Тұрысбек алматылық клубтың төртініші голын соқты. Кейін қарсылас команда қарымта шабуылдарға жиі шығып, соққы жасай берді. Нәтижесінде «Шахтер» футболшылары қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Гол авторы Стоянович. Өкіншке қарай, қызықты әрі голға толы ойында жанкүйерлер осыдан басқа гол көре алмады. Қорытынды есеп 4:1 «Қайраттың» пайдасына.
Алматы қаласы «Орталық стадион». ҚПЛ 15-ші тур.
«Қайрат» - «Шахтер» 4:1 (3:0)
«Қайрат»: Плотников, Гоу (Тұрысбек), Элек, Барбоза (Аршавин), Иличевич, Жуков, Исламхан, Суюмбаев, Қуат, Ахметов, Вороговский
«Шахтер»: Шацкий, Стоянович, Станоевич, Васильев, Габышев, Скорых, Таттыбаев, Тажімбетов, Тарасов, Шахметов, Әлімбаев
Голдар: Гоу (1,39), Исламхан (36), Тұрысбек (82) - Стоянович (86)